Тәжікстанның вице-премьері СЭС-ті аралау сапарында қайтыс болды
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Тәжікстанның бірінші вице-премьері Асадулло Гуломов Рогун Су электр стансасына жасаған жұмыс сапары барысында қайтыс болды. Ол 57 жаста еді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
«Оның жүрегі тоқтап қалған», - деп хабарлайды Интерфакс агенттігі Тәжікстан үкіметіндегі дереккөздің сөзін келтіріп.
Рогун су электр стансысы ел астанасы - Душанбе қаласының оңтүстік-шығысынан 110 шақырым жерде орналасқан.