Тәжірибе біздің Ата заңымыздың мазмұны терең, мүмкіндігі мол екенін айқын танытты - Ғылым ордасының Бас директоры

АЛМАТЫ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Конституцияға басты назар аударып, оның сабақтарын саралап, халық назарына жеткізіп отыру ғалымдар мен мамандардың, саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің абзал парызы.

Тәжірибе біздің Ата заңымыздың мазмұны терең, мүмкіндігі мол екенін айқын танытты - Ғылым ордасының Бас директоры

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің дамуы мен гүлденуінің берік негізі» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

«Ата заңымыз тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысының іргелі қағидаттарын бекітіп, демократиялық институттардың дамына мықты қуат берді. Қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм және мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу республика қызметінің түбегейлі принциптері болып бекітілді», - дейді конференцияны ұйымдастырған Ғылым ордасының бас директоры Роза Кәріпжанова. Оның айтуынша,  бұл шараның басты мақсаты Констиуция күнінің қоғамдық маңыздылығын арттыру, қоғамда Ата заңды дәріптеу дәстүрін нығайтып, өскелең ұрпақты конституциялық құрылымды құрметтеу рухында тәрбиелеу. Оған философия, заң, экономика саласындағы жетекші ғалымдар мен ғылыми-зерттеу инстиуттарының қызметкерлері мен атқару органдарының өкілдері қатысуда.