Тәжірибеден өтіп жүрген қызметкер түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/- Алматының қылмыстық-атқару жүйесінің түзету мекемелерінің бірінде сотталушыға ұялы телефон алып өтпек болған қызметкер ұсталды,
деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Жақында ғана әскерден келген және әділет органына жұмысқа тұру үшін тәжірибеден өтіп жатқан 20 жастағы әлгі жігіт режімдік нысанға ұялы телефон алып өтпек болған. Тыйым салынған затты мекеменің тәжірибелі қызметкерлері бақылау-өткізу бекетінде тексеру кезінде тапқан.
"Қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке кадрларды іріктеу талаптары өте жоғары. Сондықтан да, әлгідей әрекетінен кейін, «біздің батыр» қызметке алына қоймайды", - дейді комитеттегілер.