Тәжікстан гидроэнергетика ресурстарын ШЫҰ серіктестерімен бірлесіп игеруге дайын — Эмомали Рахмон

эмомали
Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан гидроэнергетикалық ресурстарын ШЫҰ серіктестерімен бірлесіп игеруге дайын. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясындағы «ШЫҰ+» кездесуінде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон айтты.

Оның атап өтуінше, Тәжікстанның «ШЫҰ отбасы» елдерімен тауар айналымы үдемелі түрде өсіп келеді.

Осы ретте ол аталған елдермен жоғары технологиялар, инновация және жасанды интеллект саласындағы бірлескен жобаларды бақылаушы мемлекеттер мен серіктестердің әлеуетін тарта отырып нақты іске асыруды ұсынды. 

Сондай-ақ ШЫҰ Іскерлік кеңесі мен ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің қызметіне бақылаушы мемлекеттер мен диалог бойынша серіктестерді белсенді тарту қажеттігін атап өтті.

Эмомали Рахмон «ШЫҰ отбасы» елдерін 2014 жылы Душанбеде қол қойылған халықаралық автомобиль тасымалы үшін қолайлы жағдай жасау туралы келісімге қосылуға, көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастық әлеуетін тиімдірек пайдалануға шақырды.

Мұнан бөлек, ол Тәжікстанда гидроэнергетика ресурстарының мол қоры бар екенін атап өте келе ШЫҰ серіктестерімен оларды бірлесіп игеру бойынша ауқымды ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар