Қырғызстанда қоныс-колониялары түгел жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстандағы қоныс-колонияларының барлығы жабылады. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Әділет министрі Аяз Баетов мемлекеттік жүйені бюрократиядан арылту бойынша қабылданып жатқан шараларға арналған брифингте мәлімдеді

Қырғызстанда қоныс-колониялары түгел жабылады
Фото: Kazinform

Оның айтуынша, түзеу колонияларымен қатар қоныс колониялары да бар. Онда сотталғандар тіркеліп, бақылаудан өту үшін барады.

— Бірақ бұл адамдардың қоныс-колонияларына келу мен тіркеуді тоқтатуына әкелді. Содан кейін біз пробация жүйесін енгіздік, нәтижесінде екі жүйе бір-бірін қайталай бастады. Кадр тапшылығы да болды. Енді бұл қоныс-колониялары жабылып, барлығы пробация жүйесіне ауыстырылады, — дейді ол.

Шенеуніктің айтуынша, алдымен бес қоныс-колониясы жабылады, кейін тағы бесеуі.

Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті С. Жапаров қол қойған.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда лицензиясыз таксистерге айыппұл салу басталады

Соңғы жаңалықтар
Референдум