Тәжікстанда бес жыл ішінде 800 балабақша салынады

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстанда 2030 жылға дейін 800 жаңа балабақша салу және мектепке дейінгі біліммен қамтуды 50%-дан жоғары деңгейге жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Тәжікстанда бес жыл ішінде 800 балабақша салынады
Фото: Айзада Агильбаева / Kazinform

«2026–2030 жылдарға арналған Тәжікстан Республикасында мектепке дейінгі білім мен тәрбиені дамыту бағдарламасын» республика президенті Эмомали Рахмон үкімет отырысында бекітті.

Бағдарлама мектепке дейінгі білім беру мекемелерін жедел салуды жалғастыруға, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, балаларға сапалы оқуға қолжетімділікті кеңейтуге және саланың мамандар деңгейін көтеруге бағытталған.

— Бағдарлама жүзеге асырылғанға дейін осы салада 800 жаңа мекеме салу жоспарланып отыр, ал 3–6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы елде 50%-дан жоғары болуы тиіс, — деп хабарлады Тәжікстан президенті баспасөз қызметі.

Президент мектепке дейінгі мекемелердің шалғай ауылдарды қоса, барлық жерде жұмыс істеуін қамтамасыз ету керектігін атап өтіп, бағдарламаның орындалуы жөнінде жыл сайын 1 ақпанға дейін есеп беруді тапсырды.

Бұған дейін хабарланғандай, Тәжікстанның халқының саны 10,7 миллион адамға жеткен.

Алма-Арасан шатқалында жасөспірім жартастан құлап кетті
Ұқсас жаңалықтар

Алма-Арасан шатқалында жасөспірім жартастан құлап кетті