Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тәжікстанда экономикалық белсенді халық саны 3 миллионнан асты

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың қорытындысы бойынша Тәжікстан экономикасында жұмыспен қамтылған халық саны 3 миллионнан асты, деп хабарлайды Душанбедегі Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Экономически активное население Таджикистана превысило 3 млн человек
Фото: Avesta.tj

Тәжікстан Республикасының Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес, 15-75 жас аралығындағы жұмыс күшінің саны 3 018 773 адамды құрады. Оның ішінде 1 950 415 адам (64,6%) — ерлер, ал 1 068 358 адам (35,4%) — әйелдер.

Өңірлер бойынша экономикалық белсенді халықтың ең көп саны Хатлон облысына тиесілі — 1 миллионнан астам адам. Одан кейін Соғды облысы — 1 077 647 адам, республикалық бағыныстағы аудандар — 528 489 адам, Душанбе қаласы — 320 835 адам және Таулы-Бадахшан автономиялық облысы — 90 724 адам.

Тұрғылықты жері бойынша жұмыс күшінің басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2 152 231 адам ауылдық жерде, ал 866 542 адам қалада тұрады.

Жас ерекшелігі бойынша ең көп топты 30-34 жастағы азаматтар құрайды. Олардың саны — 413 717 адам. Одан кейін 25-29 жастағылар — 383 106 адам және 35-39 жастағылар — 377 378 адам.

Білім деңгейі бойынша елдегі жұмыс күшінің жартысынан астамы, яғни 1 604 641 адам толық орта білім алған. 576 485 адамның жоғары білімі бар, 479 886 адам негізгі жалпы білім алған, ал 195 094 адамның орта кәсіптік білімі бар.

Бұған дейін Тәжікстанда 29 жасқа дейінгі жастардың төрттен бірінен астамы жұмыс істемейтіні, оқымайтыны және еңбек мамандығы жоқ екені хабарланған.

Сондай-ақ, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Тәжікстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 8,8 млрд АҚШ долларына жетіп, экономиканың өсу қарқыны 8,2%-ды құрағаны белгілі болды.