Тәжікстанда ұлы анасын 136 мәрте пышақтап өлтірді

пышақтады
Фото: Freepik

Тәжікстанның Конибодом қаласында анасын айуандықпен өлтірді деген айыппен 32 жастағы азамат қамауға алынды. Ол анасына 136 рет пышақ сұққан. Бұл туралы Тәжікстанның Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша баспасөз хатшысы Акбар Шарифи Asia-plus агенттігіне мәлімдеген, деп хабарлайды Kazinform.

24 қарашада қамауға алынған Шахриёр Норматов пен оның 65 жастағы анасы Халимаджон Норматова арасында жанжал болғаны айтылады.

Ана мен бала арасындағы кикілжіңнің себептері белгісіз.

Тергеу кезінде анасының қалай қайтыс болғанын Шахриёр Норматовтың өзі айтып берді.

«Ол пышақ ала жүгіріп, мені ұрмақ болды. Бірақ мен одан пышақты тартып алып, бетінен бір рет ұрдым. Сосын ішіне, қолына, мойнына, басына пышақ сұғып алдым. Ол құлап өлді…» дейді ол. 

Тергеу барысында анықталғандай, Норматов әйелге 136 рет пышақ сұғып, қылмыстың ізін жасыру үшін әйелдің қанды киімін ауыстырып, бөлмесіне апарып, төсекке жатқызып, еденнің қанын жуып, кісі өлтіру үшін қолданылған пышақты тазалап, ізін суытқан.

«Келесі күні ғана Норматов туыстарына анасының күтпеген жерден қайтыс болғанын хабарлады, бірақ әйелдің туыстарының бірі оның мойнындағы жараларды байқаған. Өлтірген баланың туыстары „күтпеген жерден және кенеттен қайтыс болды“ деген хабарға сенбеген» делінген хабарламада.

Сондай-ақ әйелдің психикалық аурумен ауырғаны және 1993 жылдан бері жергілікті психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны белгілі болды.

Акбар Шарифидің айтуынша, Шахрёр Норматовтың психикалық жағдайы психиатриялық сараптамадан өтеді, бірақ ол әлі психологтардың тексеруінен өтпеген.

Шахриёр Норматовқа Қылмыстық кодекстің 104-бабы (вса қатыгездікпен кісі өлтіру) бойынша айып тағылды.

Ол 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар