Тәжікстандағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Душанбеде (Тәжікстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады. 

а
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, 1-3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 12 ер балуан қорғайды.

60 келіге дейін: Нұраділ Әлжан, Тоқтар Үміталиев

66 келіге дейін: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша

73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Мәди Жеткерген

81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Даниил Крылов, Нұржан Бейсенов

100 келіге дейін: Бейбіт Мадеев, Мавлидов Мухаммедали

Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Бейбіт Жұқаев Оңтүстік Кореяда негізгі турнирге жолдама алғанын жазған едік.

Қазақстандық боксшылардың әлем кубогындағы қарсыластары анықталды.