Тәжікстаннан жіберілген 56 вагон және 15 фура гуманитарлық көмек Түркістанға жетті

Пойыз
Фото: Видеодан алынған кадр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Су тасқыны зардап шеккен аймақтарға Тәжікстан Республикасынан 56 вагон, сондай-ақ 15 фура гуманитарлық көмек келді.

Азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарлары тиелген вагондар Сарыағаш ауданының «Сарыағаш» темір жол станциясына жетті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің вице-министрі Батырбек Абдышев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Тәжікстан Республикасының өкілдерін күтіп алды.

Сонымен қатар, аталған іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік ұлтының диаспорасы, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысып, қиын қыстау кезде көмек беріп, қолдау білдірген Тәжікстан халқына алғыс айтты. 

Айта кетейік, бүгін Өзбекстан Республикасынан гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі Қарағандыға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар