Тазы тұқымын халықаралық көрмелерге жиі апару керек – Кинологтар одағы

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Astana Winner – 2025 халықаралық иттер көрмесі және «Қазақы тазы» монотұқымды көрмесі өтіп жатыр. Бұл шара қазақы тазы тұқымының халықаралық деңгейде танылуына бағытталған жұмыстың жалғасы және еліміздің кинология саласындағы маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

тазы ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Іс-шараны Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастырып отыр. Көрмеге Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ алыс және таяу шетелдерден жетекші тәлімбақтар мен кәсіби селекционерлердің 400-ден астам иті қатысып жатыр. 

тазы ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Онда Қазақстан, Жапония, Сербия және Латвиядан келген халықаралық деңгейдегі төрешілер сарапшылық жасады. 

ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

− Көрмеде жүлде қоры жоқ, бірақ үздік деп танылған тазыларды бақылауға алып, олардың күшігін алу процесін бақылаймыз, халықаралық көрмелерге жібереміз. Биыл иттер көрмесі аясында тек тазыға арналған көрмелерді де ұйымдастырдық. Бұл тазыны әлемге таныту жолындағы өте маңызды іс-шара. Қыркүйек айындағы Халықаралық кинологиялық федерацияның тазыны қазақы тұқым деп танығаны – алдын ала шешім ғана. Енді ереже бойынша елімізге ең кемі 10 жыл уақыт беріледі. Бұл уақытта тазы тұқымын көбейтіп, шетелге танытып, сұранысты арттыруымыз керек. Шетелдік кинологтардан, ит баптаушылардан қызығушылық болса, бұл тұқымның әлемдік кинологиядағы орынға лайықты екенін дәлелдегенде әлемдік қауымдастық тарапынан түпкілікті мойындалады, − деді Қазақстан кинологтары одағының президенті Бауыржан Серікқали агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Бауыржан Серікқали
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Қазақы тазы» көрмесінің негізгі мақсаты — қазақтың ұлттық ит тұқымдарын халықаралық деңгейде таныстыру, Қазақстанның бай кинологиялық мәдениеті бар ел ретіндегі беделін арттыру және ит ұстау саласын кеңінен насихаттау. 

тазы ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұл көрме — халықаралық байланыс орнатуға, тәжірибе алмасуға және елімізді дүниежүзілік кинологиялық картада нығайтуға арналған маңызды алаң. 

ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Одақ президентінің айтуынша, тазы тұқымын халықаралық аренада кеңінен насихаттап, көрмелерге белсенді қатыстыру қажет. 

тазы ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция президенті Э.Макронға тазы күшіктерін сыйлауы әлем назарын аударды. 

тазы ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

− Көп жағдайда тазы тұқымына аңшылар ғана қызығушылық тудырады. Бірақ тазыны тек аңшы деп тану жеткіліксіз. Оның темпераменті балаларға өте жақсы келеді, көп үре бермейді. Осы қасиеттерін көбірек танытуымыз керек. Жыл сайын медициналық зерттеулер жасап, денсулығы мықты екенін әлемге көрсетуіміз керек. Алдымызда тұрған басты жұмыс – Қазақстанның барлық өңіріндегі тазыларды есепке алу. Қазір біздің одақтың статистикасы бойынша үш мың тазы тіркелген, − дейді Б.Серікқалиев.

ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сонымен бірге, спикер тазыларды басқа тұқыммен будандастырмау керектігін баса айтты. 

ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

− Будандастыру болса, тазылар иіспен аң сезу қасиетін, шыдамдылығын жоғалтып алуы мүмкін. Мұны қалада бақылауға ала аламыз, ал ауылдарда қиын. Бүгінгі көрме де тазылардың стандартқа сәйкестігін тексеруге арналған, яғни олардың тісін, бойын, кеудесін тексеріп, баға береді. Үздік иттерді алдағы уақытта қолдау көрсетіледі, − деді Бауыржан Серікқалиев.

ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Еске сала кетсек, 2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда өткен Халықаралық кинологиялық федерациясының Бас комитетінің отырысында «Қазақы тазы» тұқымын әдепкі тану және Қазақстанды осы тұқым стандартының иесі ретінде бекіту туралы тарихи шешім қабылданған болатын. 

ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырған еді. 

ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Былтыр қазақстандық ғалымдар тазының генетикалық құрылымын зерттеп, ерекше тұқым екенін анықтады.  

тазы
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сондай-ақ, елімізде тазы және төбет күнін мерекелеу ұсынылды. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында бұйрық жарияланды. 

ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
ит тазы
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
тазы
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
күшік
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
тазы ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
ит
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
иттер көрмесі
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Соңғы жаңалықтар