Тбилисиде 23 қарашада АҚШ-тың экс-президенті Рейганға ескерткіш ашылмақ

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - 23 қарашада «Раушан төңкерісінің» 8 жылдығы күні және православиялық Қасиетті Георгий күні Тбилисидің орталығындағы Рика алаңында АҚШ-тың 40-президенті Рональд Рейганға ескерткіш ашылмақ. Бұл туралы «Жаңалықтар-Грузия» агенттігі хабарлады.
None
None

«Рустави-2» телекомпаниясының мәліметтеріне қарағанда, ескерткішті ашу Кеңес Одағы күйреуінің 20 жылдығына арналып отыр. Ескерткіш тұғырына Рональд Рейганның «Бостандық - бұл барлық ұрпаққа қамқорлық» деген деген сөздері жазымақшы. Қола мүсінде Рейган тұтастай бойымен бейнеленеді. Жексенбі күні ол саябаққа әкелінді, оны орнату жұмыстары жүргізілуде. Ескерткіш авторы - грузиндік мүсінші Автандил Монаселидзе өзінің осы шығармасымен үш жыл бойы айналысқан.

Жұмыс авторының айтуынша, «Рейган Кеңес Одағының күйреуіне қатысып, адамзат тарихына зор үлес қосты».

Рональд Рейган 1981-1989 жылдары АҚШ президенті болды.

Соңғы жаңалықтар