2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Тбилисиде Грузия президентінің күйеу баласын атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тбилисиде Миндиа Гогочури - Грузия президенті Георгия Маргвелашвилидің күйеу баласы оқ тиіп, жараланды. Бұл туралы сәрсенбі, 11 қаңтар күні «Рустави 2» хабарлады.

Тбилисиде Грузия президентінің күйеу баласын атып кетті

Телеарнаның ақпаратына сүйенсек, ол Республикалық аурухананың Қалалық жедел жәрдем көрсету орталығына жеткізілді. Басқа ақпараттар берілмеді.

Грузия ІІМ Гогочуридің жарақаттанғаны туралы ақпаратты растады. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.