Тбилисиде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тбилисиде Грузияға ресми сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тбилисиде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловты қарсы алу рәсімі өтті

Әскери оркестр салтанатты жағдайда екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Мұнан соң Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили қарауыл бастығының ере жүруімен Құрмет қарауылы сапын аралап шығып, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.