Тбилисиде шеруге қатысқан 8 адам ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Грузия Денсаулық сақтау министрлігі Тбилисидегі парламент жанында шетелдік агенттер туралы заңға қарсы наразылық акциясына шыққан 8 адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы NGnewsgeorgia жазды.

Тбилиси
Фото: Александр Павский / Kazinform

«Зардап шеккендер түрлі дене жарақатын алды. Оның ішінде бет, бас және дене бөліктерінің жарақаттары бар. Кейбіреулеріне улану және тыныс алу жолдарының асқынуы диагнозы қойылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендердің бірі ауруханадан шықты. Жеті адам дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Қазіргі кезде 20 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етуде. Ондаған шерушіге, сондай-ақ ІІМ-нің бір қызметкеріне оқиға орнында көмек көрсетілді. 

1 мамыр күні кешке Грузия парламенті алдына мыңдаған адам жиналып, заңның кері қайтарылуын талап етті. Арнайы жасақ ғимарат кіреберісінде демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын газ бен су атқыш құрылғылар қолданған. Сондай-ақ резеңке оқтар қолданғаны туралы хабарланды.

БАҚ бұдан зардап шеккендер түсірілген кадрларды көрсеткенімен, Грузияның ІІМ оларды қолданғанын жоққа шығарды.

Соңғы жаңалықтар