Тбилисиде жолбарыс адамды шайнап тастаған
БАКУ - ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Бүгін Грузия ІІМ зообақ маңындағы «Лагуна Вере» бассейніне жақын жерде адамды жолбарыс шайнап өлтірді деген БАҚ-та таратылған ақпаратты растады.
Ол жерден су тасқыны кезінде жыртқыш аңдар қашып шыққан болатын.
«Фактіні растаймыз. Тиісті қызметті жұмылдырдық», - деп хабарлады ІІМ шұғыл көмек басқармасы орталығының баспасөз қызметінен.
Жолбарыс Тбилиси орталығында өлтірілді.
Жыртқышты өлтіру операциясы «Лагуна Вере» бассейніне жақын аумақта жүргізілді.
Бұдан бұрын Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Тбилиси көшесінде 14 маусымға қараған түні зообақтан қашқан жыртқыштар жоқ деп мәлімдеген болатын. Таңы аңдардың бір бөлігі өлген, қалғаны уақытша ұйықтатылса, кейбірі атылған еді.