Тбилисиде жыландар өріп жүр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тбилиси мэрінің Жануарлар мониторингі агенттігі тұрғындарға аптап ыстыққа байланысты қалада жыландардың күрт көбейгендігін ескертті.
«Соңғы екі айдың ішінде қаланың түкпір-түкпірінде жыландардың байқалғаны жайлы 960 оқиға тіркелді, бұл, әсіресе жаз басталғалы күрт артты», - деп мәлім етті агенттік директоры Теймураз Пхаладзе «Рустави-2» телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, әзірге ұсталған жыландардың бәрі де улы болмай шыққан.