Тбилисидегі су тасқыны кезінде қашып кеткен пингвин Әзербайжаннан бір-ақ шыққан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тбилиси зообағынан су тасқыны кезінде қашып шыққан жыртқыш аңдар мен құстар бостандықтарын әр қалай пайдаланғанға ұқсайды.
Мысалы, африкандық пингвин шамасы, қауіпсіз жерге бой тасалақ болып Әзербайжанға дейін жеткен.
Тбилисиде су тасқыны кезінде су Куру өзеніне ағызып апарған оны грузин-әзербайжандық шекарада «Қызыл көпір» кедендік-өткізу пункті ауданынан тапқан. Бұл туралы зообақ баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетсек,14 маусымға қараған түні Тбилисиде бірнеше сағатқа созылған су тасқыны ауыр шығындарға соқтырды. Салдарынан 19 адам көз жұмып, 37 отбасы зардап шекті.