Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тбилисидегі су тасқыны: үш адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузия астанасында нөсерлі жауынның соңы су тасқынына ұласып, оның салдарынан үш адам қаза тапты. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, тағы бірнеше адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлады Би-би-си.

Тбилисидегі су тасқыны: үш адам қаза тапты

Бірнеше сағат толастамаған нөсер жауын қаланың бірнеше аудандарын су басуға әкеп соқты. Аулаларды, бірінші қабаттарды, жерасты өткелдерін, жүздеген үйлердің жер төлелерін су басты.

Грузия ІІМ басшысы Вахтанг Гомелаури Цхенети-Бетани жолында Тбилиси қаласының маңында көшкін жүргенін хабарлады.

Сондай-ақ су басу салдарынан хайуанаттар бағы аумағынан бірнеше жабайы жануарлар, соныі ішінде арыстандар мен жолбарыстар қашып кеткен.