Тбилисидің шипажайлық қаламаңы аумақтары бұршақтан күрделі зардап шекті

БАКУ-ТБИЛИСИ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Тбилисидің Коджори мен Кикети деп аталатын шипажайлық қаламаңы аймақтары қатты жауған бұршақтан күрделі зардап шекті.

Тбилисидің шипажайлық қаламаңы аумақтары бұршақтан күрделі зардап шекті

Жауған бұршақтың ірі болғаны соншалық, ол үйлердің шатырларын, терезе әйнектерін, көліктерді, бақша дақылдарын, көкөністерді едәуір бүлдірді. 

Өткен түні төтенше жағдайлар қызметіне 100-ден астам қоңырау шалынды. Негізінен Тбилисидегі апатты үйлері бар аудандардан хабарласты. Бұл ретте өрт сөндірушілерге су басып кеткен жертөлелерден түні бойы су сорғызуға тура келді.