Тбилисидің теміржол вокзалында екі жарылыс болды
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Қазанның 22-сі күні түнде Тбилиси теміржол вокзалының аумағында қатты жарылыс болды.
Артынша қуаттылығы аз екінші жарылғыш зат іске қосылған. Елдің астаналық мэрия Құтқару қызметінің бастығы Темур Георгадзенің журналистерге хабарлауынша, жарылыс вокзал ғимаратының жертөлесінде болған, деп хабарлайды РБК агенттігі.
«Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Т.Георгадзе.
Оқиғаның себеп-салдары әлі айтылған жоқ. Жарылыс орнында таң атқанша криминалистер, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер тиісті жұмыстарды жүргізген.