Teach for Qazaqstan мұғалімдер даярлау жобасының екінші легін бастайды

мұғалім
Фото: Teach for Qazaqstan қорының баспасөз қызметі

TFQ – Teach for All жаһандық білім беру желісінің ресми серіктесі. 2023 жылы бағдарламаға 30 мұғалім іріктеліп, оқытылды. 2024 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасатын жобаның екінші легіне өтінім беру басталды, деп хабарлайды Kazinform. 

Әлемнің 60-тан астам елінде жүзеге асырылып жатқан қоғамдық ұйымдардың миссиясы – түрлі саладағы мамандарды педагог етіп қайта даярлау. Жоба қатысушылары 2 жыл қаржылық, коучингтік және әдістемелік қолдаумен еліміздің өңірлеріндегі мектептерге жұмысқа орналасады. Мұғалімдікке педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтары бар ЖОО түлектері үміткер бола алады. Мұғалім болып жұмыс істейтіндер және оқытушылық тәжірибесі барлар іріктеуге қатыса алмайды.

Teach for Qazaqstan бағдарламасының артықшылықтары

Бағдарламаның финалистері қордың серіктес мектебімен келісімшартқа отырады, 2 жыл бойы оларға TFQ онлайн және офлайн форматта әдістемелік көмек көрсетеді. Қатысушыларға жалақымен қоса ай сайын 300 000 тг стипендия беріледі. Шарт аяқталған соң TFQ бағдарламасының түлектері әлемдік білім беру желісінің мүшесі болады.

Қазақстандағы McKinsey&Company компаниясы TFQ коммерциялық емес жобасын бірінші болып қолдады. Freedom Holding Corp. – бағдарламаның ресми демеушісі. TFQ ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтасады. 

Teach for Qazaqstan мұғалімдер даярлау жобасының екінші легін бастайды
Фото: Teach for Qazaqstan қорының баспасөз қызметі

БиылTFQ 30 мұғалімді педагогикалық қайта даярлау курстарынан өткеннен кейін Қарағандыоблысына жіберді. Олардың қатарында Назарбаев университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы университет және т.б.сынды Қазақстанның жетекші ЖОО түлектері бар. Олар АТ мамандары, мемлекеттік қызметкерлер, техникалық мамандар және басқа да мамандықтардың өкілдері.

Бала әлеуетін ашу үшін басқа өңірде жүріп оқытушылықпен айналысатын қатысушылардың алуан түрлі географиясы –олардыңжоба құндылықтары мен идеяларына берілгендігін байқатады.

Қазақстанда инфрақұрылымы дамымаған, кадрлары тұрақтамайтын, мектеп жетіспейтін және т.б. проблемалары бар аймақтар жеткілікті. Жобаның Қарағанды облысында басталуынаосы себеп болған. ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, Қазақстандағы урбанизацияның үлесі орта есеппен 58,5%, ал Қарағанды ​​облысында 80%. Қазақстанда 7637 мектеп бар.10 мектептің 8-і ауылда болса да, оқушылардың 56%-ы қалалық мектептерде оқиды.Бұл қаржыландыруды қайта бөлу және инфрақұрылымды дамыту есебінен білім берудегі теңсіздікті арттырады.

Соңғы жаңалықтар
telegram