«Театр-өмір ойыны» деп аталатын деректі бейнефильм түсірілді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы «Керуен» қоғамдық қоры «Театр-өмір ойыны» деп аталатын деректі бейнефильм түсірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған бұл бейнефильмде қазақ даласындағы театр өнерінің пайда болуы, дамуы мен қол жеткізген жетістіктері баяндалады. Оған түсіндірме жасағандар ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр сыншысы Бағыбек Құндақбаев, ҚР халық әртістері Хабиба Елебекова, Тұңғышбай әл-Тарази, Есмұхан Обаев. Б.Құндақбаевтың айтуынша, қазақ театрының ресми шымылдық ашуы 1925 жылы ақпан айында Қызылордада болды. Дегенмен, алғашқы спектакль 1915 жылы ақпанның 10-ы күні қойылды. Тап сол күні Жүсіпбек Аймауытов Біржан мен Сара айтысын пьесаға айналдырып Семейде қойған. Ол бірнеше күн бойы жүрген. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының мұрағаты бойынша жасалған 45 минуттық бұл бейнефильмнің сценарийін жазған «Керуен» қоғамдық қорының президенті Ерлан Қойлан. Режиссері Сабырхан Райхан, операторлары Марс Омаров пен Маулен Бекенов, редакторы Базарбек Атығай.
Соңғы жаңалықтар