08:35, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Театрдағы қойылым кезінде балконның бір бөлігі құлап, 88 адам түрлі жарақат алды
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Apollo Лондон театрында қойылым кезінде балконның бір бөлігі құлап түсті, деп хабарлады Би-Би-Си. Аталған жағдай 19 желтоқсан күні театр көрермендерге толы кезде орын алды. Қираған кезде театр ғимаратында 700-ге жуық адам болған.

Оқиға орнында болған куәгерлер алдымен қатты дыбыстың шыққанын, кейін балконның құлап түскенін айтқан. Театрдың күмбезі партердегі көрермендердің үстіне түскен.
Көрермендердің біразы үйінді астында қалды, көп ұзамай олардың бәрі құтқарылды, деп хабарлады Лондонның өртке қарсы қызметінен. Төбенің опырылуынан кем дегенде, 88 адам түрлі жарақат алып, олардың жетеуі ауыр қалде деп хабарлады қалалық полиция.