Театрдың көтеріп жүрген жүгі өте үлкен - Дархан Мыңбай

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат -  Театр ел азаматтарын адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін басты құралдардың бірі.

Театрдың көтеріп жүрген жүгі өте үлкен - Дархан Мыңбай

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Дархан Мыңбай айтты.

«Театр ел азаматтарын, әсіресе өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге, ұлтты сүюге тәрбиелейтін басты құралдардың бірі. Біздің театр әртістері бүгінде тұтас қазақ театрының, қазақ киносының, телевизиясының, қазақ дубляжының, қазақ радиосының түп негізі, қайнар көзі десе болады. Сондықтан да театрдың, әртістердің көтеріп жүрген жүгі өте үлкен», - деп атап өтті министр.