Театртану ғылымының мамандары орындаушылық өнер мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда М. Әуезовтің мұражай-үйінде Халықаралық театр күніне орай «Қазақ сахнасындағы орындаушылық өнердің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді,

Театртану ғылымының мамандары орындаушылық өнер мәселелерін талқылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Басқосуда қазақ театр өнерінің зерттеушісі, өнертану ғылымдарының докторы Б. Құндақбайұлы сахнадағы орындаушылық шеберлікке қатысты мәселелерге тоқталды. «Өкінішке қарай, қазірде актерлер туралы жазылып жүрген дүниелер жоқтың қасы. Қазақтың театр майталмандары жайында басылым беттерінде ешнәрсе жарияланбайды, оларға қатысты зерттеу жұмыстары да аз. Есесіне, бір сахна шеберін газетке жариялап, сол кісі туралы жөнді-жөнсіз мақтай беру көбейіп кетті. Ал оның арғы жағындағы өнерге қатысты еңбектері мен қосқан үлестері туралы тереңдей талдана бермейді», дейді Б. Құндақбайұлы.Сондай-ақ өнертанушы ғалым қазақ театрының пайда болып, оның дамуына алғашқы үлес қосқан қайраткерлер жайындағы ел аузында сирек естілетін қызықты естеліктерімен бөлісті. Жиынға жиналған жас зерттеуші ғалымдар мен білім алып жүрген болашақ актерлерге ақыл-кеңестер берді.Айта кетелік, биылғы жылға Е. Өмірзақов (110 жас), З. Атабаева (100), Ғ. Құрманғалиев (100), Ә. Өмірзақова (90) секілді ұлттық сахнаның жарық жұлдыздарының мерейтойлық жастары сәйкес келіп отыр.