Тегеранда наразы топ Сауд Арабиясының елшілігіне басып кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеранда 3 қаңтарға қараған түні наразы топ Сауд Арабиясының елшілігіне басып кірді, деп хабарлады Reuters.Сауд Арабиясының билігі шиға дін насихаттаушысы Нимр әл-Нимрді өлім жазасына кескенін естіген соң Тегеранда наразы топ дипломатиялық миссия аумағына кіріп, жиһаздарды сындырып, ғимаратты өрттемек болған.
None
None

Полиция бүлікшілерді елшіліктен шығарып, өрт сөндірушілер отты сөндірді. Иран Ішкі істер министрлігі дипломатиялық статусты сыйлауға шақырды.

Мешхедте де Сауд Арабиясының консулдығына наразылық білдірушілер шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости «Сабак» газетіне сілтеме жасап. Басылымда ирандықтардың бір тобы консулдықты өрттемек болғаны айтылған. Наразы топ ішінде Сауд Арабиясының ғимараттағы туын құлатқысы келгендер де болған.

Еске сала кетейік, Сауд Арабиясында лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен сотталған 47 адам өлім жазасына кесілді. Олардың қатарында Иранда танымал шиғалардың дін насихатшысы Нимр әл-Нимр болды.

Соңғы жаңалықтар