Тегеранда өтетін АЧ-2018 жарысына Қазақстаннан өте көп адам барғалы отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегеранда 1-3 ақпан аралығында өтетін Азия чемпионатында 23 елден 300 спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды САА «SPORTINFORM» ҚР Жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.  

Тегеранда өтетін АЧ-2018 жарысына Қазақстаннан өте көп адам барғалы отыр

«Жеңіл атлетикадан Тегеранда өтетін жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасы адам саны жағынан ең ауқымды командалардың бірі болады. Оның құрамында 25 адам бар. Салыстырмалы түрде алғанда Иран құрамасында 29 спортшы бар»,-делінген хабарламада.

Жарыс «Афтаб Энгелаб» спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Иран заңнамаларының ерекшеліктеріне байланысты ерлерге АЧ-2018 жарысында әйелдердің бәсекесіне баруға тыйым салынады. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар бөлек ұйымдастырылады.