Тегеранда тұтқында болған америкалықтарға 4 млн доллардан астам өтемақы төленетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1979 жылы Иранда болған төңкерістің нәтижесінде 444 күн тұтқында болған 53 АҚШ азаматына 4,4 млн доллар көлемінде өтемақы төленетін болды.
None
None

Бұл жайында өткен аптада АҚШ Конгресі қабылдаған заңға сәйкес, өзге де шабуылдардан зардап шеккен ел азаматтарына да өтемақы төленетін болды деп хабарлайды «New York Times» газеті.

Зардап шегушілердің құқығын қорғаушы Томас Ланкфордтің пікірінше, бұл шешім - ұзаққа созылған күрестің көптен күткен жеңісі.

1979 жылдың 4 қарашасынан бастап, 1981 жылдың 20 қаңтарына дейін тұтқында отырғандардың басым бөлігі елшілік қызметкерлері мен әскери өкілдер болған. Содан бері, 36 жыл 12 ай өтті, деді Ланкфорд.

Соңғы жаңалықтар