Тегеранда ұшақ құлап, 40 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегерандағы әуежайда ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлады Иранның «Tasnim news» ақпараттық агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша, әуе кемесі әуежайда ұшып шыққаннан соң көп ұзамай құлаған.
Алдын ала таратылған мәлімет бойынша, апат салдарынан 40 адам қаза тапты.