Тегін жер алуға азаматтар тарапынан берілген өтініштер 800 мыңнан асса, олардың тек 30 пайызы ғана қанағаттандырылуда - Ө. Өзібеков

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгінгі күні тегін жер алуға азаматтар тарапынан берілген өтініштер 800 мыңнан асса, олардың тек 30 пайызы ғана қанағаттандырылып отыр.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутаттар сауалына жауап берген Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзібеков осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы жер телімі төңірегіндегі дау көбінесе құрылыс салуға қатысты мәселелерден және басым жағдайда үлкен қалалардың төңірегінде туындайды. Сонымен қатар, бүгінгі күні Конституцияға сәйкес 10 сотық жерді тегін алу туралы азаматтардан келіп түскен 800 мыңға жуық өтініштер бар. Қалыптасқан жағдайларға, түрлі себептерге байланысты бұндай өтініштердің тек 30 пайызы ғана қанағаттандырылып отыр. Жер кодексі бойынша азаматтардың тегін жер телімін алу құқығы сақталған әрі бұл бірінші кезекте саяжайлар мен үй құрылыстарын салуға басымдықта болады. Дегенмен де, жер беру кезегінде ең алдымен сол берілетін жерлердің инфрақұрылымының болуына, тиісті бас жоспарлардың жасалуына, соған сәйкес учаскелерді үйлестіруге назар аударылады», деді Ө. Өзібеков. Оның айтуынша, жер телімдерін беру мәселесіне қатысты даудың басым бөлігі Алматы, Астана және Шымкент қалаларына қатысты болып отыр.
Соңғы жаңалықтар