Тегранда әйелдерге арналған саябақ ашылмақшы

ТЕГРАН. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Тегранда жыл аяғына дейін ер адамдардың аяқ басуына қатаң тыйым салынған екі жаңа саябақ ашылмақшы,

Тегранда әйелдерге арналған саябақ ашылмақшы

деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап. Осылайша Иран астанасында «әйелдер» саябағының саны екі есе артпақшы.

Сауалдама барысында оған қатысушылардың 86 пайызы әйелдерге арналған «жасыл аймақты» құруды қолдаған. Келешекте мұндай саябақтарды Тегранның әрбір ауданында ашу көзделуде.