Тегранда наразылық акциясын тарату кезінде бір адам қаза болды
ТЕГРАН. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат – Тегранда полиция күштерінің оппозиция өкілі Мир-Хосейн Мусауидің жақтаушылары өткізген наразылық акциясын таратуы барысында бір адам қаза болды.
Қарсылық білдірушілер маусымның 12-сінде Иранда өткен сайлау қорытындысына келіспеушіліктерін білдіру мақсатында Тегранның орталығындағы Азади даңғылында рұқсат етілмеген митинг өткізгенін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары бұдан бұрын хабарлаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, маусымның 12-сінде Иранда өткен президенттік сайлауда елдің қазіргі басшысы айқын басымдықпен жеңіске жетті. М.Ахмадинежадтың негізгі қарсыласы ? реформашыл-оппозиционер Мусауи дауыс берудің нәтижесі қолдан жасалып отыр, деп мәлімдеме жасауда. Оның жақтаушылары көшеге шығып, әділдікті талап етуде. Маусымның 13-інде Тегранда наразылық білдірушілердің полициямен қақтығыстары тіркеліп, маусымның 13-інен 14-іне қараған түні ондаған оппозиция өкілі қамауға алынды.Демонстранттар Иранда президенттік сайлауды қайтадан өткізуді талап етуде.