Тегранда президент Ахмадинежад ант қабылдады
АСТАНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат - Иран парламентінде бүгін Президент Махмұд Ахмадинежадтың ант қабылдау рәсімі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиостансасына сілтеме жасап.
Ахмадинежад маусым айында өткен президенттік сайлауда екінші мәрте 4 жылдық мерзімге сайланып, ағымдағы аптаның басында, дүйсенбі күні аятолла Әли Хаменеи оны ел президенттігіне бекіткен болатын. Ахмадинежад енді екі аптаның ішінде үкімет жасақтауы керек.
Ал сайлаудың қорытындысын қайта қарауды талап етіп отырған иран оппозициясы өз жақтаушыларын жаңа наразылық шараларын өткізуге шақырып отыр.
Тегранда полицияның қосымша күштері орналастырылды.