Тегранда студенттер манифестациясы барысында 200-ден астам адам ұсталды
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Кеше Тегранда өткен студенттер манифестациясы барысында полиция 204 адамды қамауға алды,
Бұл туралы ИРНА ақпараттық агенттігіне Тегран полициясының бастығы Әзизалла Раджабзаде хабарлады.
Полиция бастығының айтуынша, ұсталғандардың ішінде 39 әйел бар. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, шаралар аяқталған соң, қоғамдық тәртіпті бұзу факті бойынша қозғалған істер сот органдарына беріледі.
Ирандағы дереккөздердің мәліметтері бойынша, алдыңғы күні Студенттер күніне орай өткен студенттік манифестация барысында Тегран университеті мен оның төңірегіндегі көшелерде оппозиция жақтаушыларының қатысуымен тәртіпсіздіктер орын алған. Олар қоқыс контейнерлері мен көлік құралдарын өртеген, үкіметке қарсы ұрандар айқайлап, тәртіп сақшыларына тастар лақтырған.