Тегранда ұшақ бортында бомба табылды

ТЕГРАН. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат – Бортында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылған ұшақ Тегранға жедел қонуға мәжбүр болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Kish Air әуекомпаниясына қарасты ұшақтың бортында оқиға кезінде 131 адам болғаны хабарлануда. Қазіргі уақытта барлық жолаушылар ұшақтан жедел түсіріліп, бомба залалсыздандырылды. Қолдан жасалған бомба ұшақ жерден көтерілгеннен кейін, әуе компаниясының қауіпсіздік қызметінің өкілдері салонды тексеру кезінде табылған. Оқиға елдегі президенттік сайлауға екі апта қалғанда және Иранның Захедан қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекеттен бірнеше күннен кейін орын алып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум