Тегранның ядролық бағдарламасының қаупі асырып айтылуда - МАГАТЭ Бас директоры әл-Барадеи

АСТАНА.  Қыркүйектің  3-і. ҚазАқпарат  -  Иранның     жақын  келешекте  ядролық   қару   өндірісіне  кірісу  ниеті   жоқ. Атом энергиясы     жөніндегі  халықаралық   агенттіктің  бас  директоры    Мохаммад  әл-Барадеи   осындай  мәлімдеме  жасады, 
None
None

 деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.

МАГАТЭ басшысының  кеше   жарияланған   сұхбатында    «Тегранның  ядролық бағдарламасының  қаупі тым асыра  айтылып  отырғаны»   атап көрсетілді. «Көп жұрт   Иранның  ядролық   бағдарламасы  туралы  әлемге  төнген  ең  үлкен қатер  туралы  айтуда. Бірақ та  менің  ойымша,   бұл   асырып  айтылған  әңгіме»,   дейді  әл-Барадеи.   Тегранның      ядролық    энергетика саласындағы жоспарлары    әлем жұртшылығының  алаңдаушылығын   туғызып отырғанын  айтқан   әл-Барадеи,  сондықтан   Ислам    Республикасының   МАГАТЭ-мен    қарым-қатынаста ашығырақ болуы  керек екенін  жеткізді.

«Бірақ  та Иран  ертең ядролық қаруға ие  болатындығы  туралы ақпараттар   біздің  қолымыздағы  фактілермен     қуатталмай  отыр»,  деп  атап көрсетті МАГАТЭ басшысы  өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар