2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Техас аспанында екі ұшақ соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Техастағы Маккинини қаласы аспанында екі жеңіл ұшақ соқтығысып, кем дегенде үш адам қаза тапты. Бұл туралы  жергілікті шерифтің  мәлімдемесіне сілтеме жасап  NBC телеарнасы хабарлады.

  Техас аспанында екі ұшақ  соқтығысты

Оның деректері бойынша, қақтығысқаннан кейін ұшақтың біреуі таяу маңдағы шоссеге,  ал екіншісі қойма үстіне құлаған.

Құқық қорғау органдары келеңсіз оқиғаның жай-жапсарын тексеруде.