Техас мектебінде оқ ашқан оқушы қыздар болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка полициясы Техастың Алпайн штатындағы мектепте болған атыстың мән-жайын хабарлады. Бұл туралы ABC News-қа сілтеме жасап, Лента.ру жазуда.

Техас мектебінде оқ ашқан оқушы қыздар болып шықты

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқушы қыздардың бірі әжетхана бөлмесінде екінші қызға оқ атып, соңынан өзіне-өзі қол салған. Зардап шеккен қыз бала ауруханаға жеткізілді.

Онымен қоса, жүргізілген операция барысында тәртіп сақшыларының бірі кездейсоқ атылған оқтан жарақат алды. Оқты кім атқаны айтылмаған.

Бұған дейін атыс мектептің акт залында басталғаны хабарланған болатын. Мектеп ғимараты қоршауға алынып, барлық 280 оқушы қауіпсіз жерге көшірілді. 

Алпайн қаласы Техас штатының батысында орналасқан. Ол Брустер округінің орталығы болып табылады. 2010 жылғы халық санағы бойынша Алпайнда 6 мыңға жуық адам тұрады.