Техас полициясы: Құлаған әуе шарындағы 16 жолаушының бәрі қаза тапты

АСТАНА. Қаз Ақпарат - Техаста отқа оранған әуе шарының құлаған кезінде ешкім тірі қалған жоқ, деп мәлімдеді Калдуэлл округінің шерифі.

Техас полициясы: Құлаған әуе шарындағы 16 жолаушының бәрі қаза тапты

Бұл туралы  Би-би-си орыс қызметі хабарлайды.

 Бұдан бұрын БАҚ штат астанасының оңтүстігі жағына таяу жерде ішінде 16 жолаушысы бар әуе шарының құлағандығы туралы хабарлаған болатын. Құрылғы құлар алдында отқа оранған. Келеңсіз жағдай  штаттың оңтүстігіндегі Локхарт қаласында орын алды.

Оқиға орнына азаматтық авиацияның Федеральдық агенттігі тобы аттанып кетті.