Техас штатында үлкендігі бейсбол добындай бұршақ жауды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатының солтүстігінде жауған үлкендігі бейсбол добындай бұршақ үйлер мен машиналарды зақымдады, ғимараттардың терезелері қирады.
Жергілікті мектептердегі сабақ тоқтатылды. Табиғи апаттан келген шығын көлемі 2 млрд доллардан асты.
Диаметрі 10 см үлкен бұршақ көптеген ғимараттардың терезесін шағып кетті, деп хабарлайды Mashable басылымы.
Әсіресе, Техас штатындағы Уайли қаласы көбірек зардап шекті. Мұндағы мектептерде сабақ тоқтатылды.