Техас штатындағы атыс: үш адам қаза тапты
ХЬЮСТОН. ҚазАқпарат – Хьюстон қаласында (Техас штаты) автокөлік тұрағында болған атыс салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Төртеуі оқ жарақатын алды. Үшеуі көз жұмды. Біреуі (зардап шеккен адам) жергілікті ауруханаға жеткізілді», – деп жазды бейсенбі күні жергілікті полиция Twitter -дегі ресми парақшасында. Жараланған адамның жағдайы туралы ақпарат берілмеген.
The New-York Times газетінің хабарлауынша, күдіктінің кім екендігі және атыс себептері әзірге анықталған жоқ.