Техас штатының билігі «Харви» дауылы келтірген шығынды 180 млрд долларға бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатының губернаторы Грег Эббот «Харви» дауылының салдарымен күреске 150-180 млрд доллар қажет болуы мүмкіндігін айтты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
None
None

Эбботтың сөзінше, осы жолғы дауыл қиратқан аумақ «Катрина» мен «Сэндиден» де ауқымды болып отыр. Осы кезде қалпына келтіру жұмыстарына қажетті қаржы қалай төленетіні талқылануда.

АҚШ президентінің әкімшілігі конгрестен 7,8 млрд доллар көлеміндегі алғашқы соманы бөлуді сұрады. Эббот бұны аванстық төлем деп отыр. Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттік өкілдері осы бағыттағы жұмыстарды қаржыландыруға жергілікті шенеуніктер де үлес қосулары керек деген пікірде.

Соңғы жаңалықтар