Техас тұрғынының сауытты жануарды атқан оғы кері ұшып өзін жаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Техас тұрғыны жағына оқ тиіп ауруханаға жеткізілді. Ер адам  үйіне жақындап қалған сауытты жануарды (броненосец)  атпақшы болғанда, оқ  оның сауытына тиіп кері ұшып ер адамның бетінен тиген, деп хабарлады Рейтер.

Техас тұрғынының сауытты жануарды  атқан оғы кері ұшып өзін жаралады

Ер адам 4 тамызда таңертең ерте Мариеттедегі үйінің жанынан броненосецті көреді. Белгісіз себептермен, ол жануарды атып өлтірмек болады. Жануарды үш рет атқан, оның бірі кері ұшып өзінің бетіне тиді.

Округ шерифі Касс Ларри Роу ер адам дәрігерге қаралғаннан кейін, олар жануарды табуға тырысқан. Алайда ол қатты жараланбаған болу керек, ізін суытқан. Ал ер адам әлі де ауруханада ем-дом алып жатыр.