Техаста атыс болып, үш адам мерт болды

ОСТИН. ҚазАқпарат – Техас штатының Форт-Уэрте қаласында болған атыс салдарынан үш адам қаза тауып, сегізі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Техаста атыс болып, үш адам мерт болды

Атыс 4 шілде – АҚШ тәуелсіздігі күнін тойлау кезінде түн ортасында автотұрақта болды, деді полиция сейсенбі күні.

Зардап шеккендердің бірі сол жерде қаза тапты. Екеуі ауруханада көз жұмса, 8 адам ауруханаға жеткізілді.

ABC News дерегінше, зардап шеккен тұрғындардың 10-ы ересек адамдар, біреуі – кәмелет жасына толмаған бала.

Оқиға Тәуелсіздік күніне орай жыл сайын өткізілетін жергілікті ComoFest фестивалі аяқталған соң бірнеше сағаттан кейін Комо Форт-Уэрт ауданында болды.

Әзірге қанша адам оқ атқаны және неліктен оған барғаны белгісіз. Тұтқынға алынғандар туралы мәлімет таратылмады.