Техаста Батыс Нилдің безгек ауруына шалдыққандардың саны 500-ден астам адамнан асты

АСТАНА. 6 қыркүйек. Қазақпарат - Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Американың Техас штатында Батыс Нилдің безгек ауруына шалдыққандардың саны 510 адамды құрады.

Техаста Батыс Нилдің безгек ауруына шалдыққандардың саны 500-ден астам адамнан асты

Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасай отырып РБК хабарлады.

Ауруды алдын алу мен бақылау жөніндегі жергілікті орталықтың берген мәліметтеріне қарағанда, бұл дерттен қазірдің өзінде 43 адам көз жұмған. Бұл 2003 жылдың көлемінен асып жығылуда, ол кезде 39 адам ажал құшып, 434-і науқасқа шалдыққан болатын.

Дәрігерлер хабарлағандай, осы уақытқа дейін дерттің ушығуына себеп болған жағдай анықталмай отыр.

Ауруды алдын алу мен бақылау жөніндегі жергілікті орталықтың өкілдері мәлім еткендей, қазіргі уақытта Техас штатының билігімен бірге індеттің әрі қарай тарамауына байланысты шаралар қолданылуда. Атап айтқанда вирусты тасымалдайтын масалар мен олардың жұмыртқалары жойылуда.

Айта кетейік, Батыс Нилдің безгек ауруы - тез әсер ететін, толығымен зерттелмеген дерт.