Техаста бір үйден алты бала және екі ересек адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техаста Хьюстон ауданында жеке үйден алты бала және екі ересек адамның мүрдесі табылды. Олардың қолдары кісенделген және бастарына оқ атылған. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
None
None

Сенбі күні марқұм болған адамдардың туыстары полицияға қоңырау шалған. Оқиға орнына жеткен сақшылар үйден кішкене баланың денесін байқап қалған, алайда белгісіз ер адам оларға оқ жаудырған.

Ол бір сағат келіссөз жүргізілгеннен кейін ғана қаруын тастап, берілген.

Мәлім болғандай, күдікті Дэвид Конли өз қолымен өлтірген алты баланың біреуі - өз баласы.

Соңғы жаңалықтар