Техаста бортында екі адам болған ұшақ құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Американың Техас штатындағы Спринг қаласы әуежайының аумағында құлаған шағын ұшақтың бортында болған екі адам тірі қалды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері мәлімдеді.
Олардың мәліметтерінше, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әуе кемесінің тұтқасын отставкадағы теңіз жаяу әскері басқарған. Ұшақ қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам алған жарақаттарынан сауығып кете алады. Ұшақты да қалпына келтіруге болады.