Техаста дүкен сатушысын өлтірген ер адам өлім жазасына кесілді
АСТАНА. KAZINFORM — Дүкенді тонау кезінде сатушыны өлтіргені үшін сотталған Джамаал Ховард сәрсенбі күні кешке Техаста өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Вашингтондағы Kazinform тілшісі FOX News-ке сілтеме жасап хабарлады.
Жоғарғы сот үкімнің орындалуын тоқтатудан бас тартты. Ховардтың адвокаттары бұған дейін Теннессиде Криста Пайктың өлім жазасын орындау әрекетінен аман қалғанына байланысты улы инъекция препаратына қатысты алаңдаушылық білдірген еді.
46 жастағы Ховард сағат 20:03–те қайтыс болды. Ол 2000 жылы Техастың Силсби қаласында 42 жастағы Вики Суартаутты өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Дүкенді тонау кезінде жәбірленушінің кеуде тұсына оқ атылып, кассадан 114 доллар ұрланған.
Бұған дейін Теннеси штатында өлім жазасына кесіліп, үкімді орындау әрекетінен аман қалған Криста Пайктың есін жиғаны хабарланған болатын.