13:33, 30 Мамыр 2015 | GMT +5
Техаста жеңіл моторлы ұшақтың құлауы салдарынан 3 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Техас штатындағы Плейнвью қаласының Хейл Каунти әуежайынан ұшып шыққан жекеменшік жеңіл моторлы ұшақтың бірден құлауы салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты.

Жергілікті Plainview Daily Herald басылымының мәліметтеріне сәйкес, ұшақ жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:30 шамасында (сенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 5:30-да) ұшып шыққаннан кейін бірден биіктікті жоғалтып, әуежай аумағына құлаған соң, өртене бастаған.
Оқиға орнына келіп жеткен апаттық қызметтер оны қоршап алды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа нашар метеорологиялық жағдай себеп болуы мүмкін. АҚШ-тың авиациялық басқармасы болған оқиғаны тергеу амалдарына кірісті, деп жазады РИА Новости.